27 Желтоқсан 2021 2021, 11:53

Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларға қол жұмсады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып жатқан видеосы тарады.

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып жатқан видеосы тарады.

Алматы қаласы Полиция департаменті аталған жайт бойынша тергеуді бастағандарын мәлімдеді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 140 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  Қылмыстық істің материалдары Жетісу аудандық ПБ өңдірісінде. Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайы міндетті түрде зерттеледі және тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, оған сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.