Алматыда бағыттарға тағы 17 жаңа троллейбус қосылды

Бүгінде қалаға 55 троллейбус жеткізілді, оның 19-ы №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6 маршруттарға берілді. Алматыда көрсетілген бағыттар бойынша тағы 17 жаңа троллейбус қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Техникалық дайындықтан өткен жаңа троллейбустар жолаушылар тасымалына шығады, соның нәтижесінде барлық 9 троллейбус бағыты бойынша 60% жаңа троллейбус жолға шығады.

Бұрын хабарланғандай, Алматының №1 троллейбус паркі Yutong ZK6128BEVG 12 метрлік төмен еденді троллейбустардың бірінші партиясын алды. Жылжымалы құрам соңғы 11 жылда алғаш рет жаңартылып жатыр.

Жаңа «Ютонгтар» жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысы үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған, электр қуаты өшіп қалса да батареямен жүре алады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы