Алматыда бағаны тұрақтандыру үшін 4,5 мың тонна қант сатып алынды

"Алматы" ӘКК" АҚ қант жеткізуге шарт жасасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қант сауда желілерінде белгіленген, яғни келісіне 380 теңгеге дейінгі бағамен сатылады.

Саудагерлер бұл бағаға әрі кетсе 10% ғана қоса алады. Бұл қант бағасын 2025 жылдың қыркүйегіне дейін тұрақтандыруға көмектеседі, - делінген хабарламада.

2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың тамызына дейін дәл осындай бағамен 3 мың тонна қант сатылды, соның арқасында қалада өнім бағасы өспеді. Қантты қайдан сатып алуға болатынын almatyazyk.kz сайтынан біле аласыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы