Алматыда бүгін коронавирус анықталған 16 адамның бірінің жағдайы ауыр
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі вирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болғандар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.
Бүгін таңғы уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109-ға жетті. 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр дәрежеде, қалғанданрының денсаулығы қанағаттанарлық. Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда изоляцияда болған, - делінген хабараламада.
Төрт науқас "Мәскеу – Алматы" рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған. Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және бір байланыста болған адам.
Сондай-ақ бүгін Covid-19 індетінен Алматыда тағы 6 науқас ауруханадан жазылып шықты. Оның 5-уі әйел, біреуі ер адам.
Екеуі – 16 наурызда Стамбулдан, екеуі – 10 наурызда "Мәскеу – Алматы" рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған,-делінген хабрламада.
Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19. Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинінде.
Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған деген диагнозбен 91 пациент жатыр. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны (әйел адам).
77 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Екі ересек адамның халі өте ауыр, 1 науқас ауыр жағдайда, 11 ересек науқас орта ауырлық дәрежеде (араларында облыстың бір тұрғыны бар).
Провизорлық орталықтарда бүгінде 655 адам бар, олардың 83-і бала, екі күндік карантинде 523 азамат, ал үй карантинінде 4411 адам.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы