Алматыда азық-түлік бағасы 4,8%-ға өсті

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Осы бес айдың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,8%-ға өсті. Република деңгейіне қарағанда төмендеу. Қосымша жергілікті бюджеттен 15 млрд қаражат бөлдік. Биылғы жылдың соңына дейін баға аздап өсуі мүмкін, бірақ тұрақты болады. Осы жылдың инфляциясы 10-10,5%, – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы