Алматыда әжелердің сырғаларын шешіп алып отырған ер адам қамауға алынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті егде жастағы әйелдердің құлағынан сырғаларын жұлып алған ер адам қамауға алғандарын мәлімдеді.

37 жастағы қарақшы еш ұялмастан өтіп бара жатқан әжелерге шабуыл жасаған. Оның осындай кейбір іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған азамат әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Аталған дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ол бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тергеушілер оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы