Алматыда «азаматтық алып беремін» деген алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Polisia.kz-тің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері алаяқтық дерегін әшкереледі.

Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне келіп шағымданған. Ол былтыр маусым-тамыз аралығында өзінің танысы «Қазақстан азаматтығын алып беремін» деп сеніміне кіріп, 200 мың теңгесін иемденгені туралы арызданған.

Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталды. Оның 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны екені анықталды.

Күдікті кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы