Алматыда «Қазақстан раушаны» би фестивалі өтті

Астана, baq.kz. Алматыда VIII Халықаралық «Қазақстан раушаны» би фестивалі өтті. Елімізде үшінші рет ұйымдастырылған додаға биыл 4 елден 30 би ұжымы қатысты. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

Дәстүрлі шараға бұған дейін Қазақстан, Болгария мен Ресейдің бишілері қатысатын. Биыл фестивальге алғаш рет Өзбекстанның би ұжымы келді. 6 және 25 жас аралығындағы бишілер қатысқан байқауда халықаралық қазылар алқасы төрт номинация бойынша үздіктерді анықтады. Ал, байқаудың ең басты аталымы «Раушан гүлі» хореографиялық композициясында балетмейстер жұмысы бағаланды. Сайыстағы үлкен гран-при сыйлығы Селезнёв атындағы хореографиялық училищесінің би ұжымы мен Болгария елінен келген бишілерге бұйырды.

«Бұл хореографиялық өнердің мерекесі. «Қазақстан раушаны» жобасы – би арқылы хореографиялық гүл дестесін жасау дегенді білдіреді. Әр ұжым бір күлте. Біріккенде талантты балалардың арасындағы достықты, бейбітшілік пен сыйластықты білдіреді», - дейді «Қазақстан-Ресей-Болгария» халықаралық шығармашылық жобаның жетекшісі Светлана Муранова.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы