Алматыда қайтыс болған науқастың бірнеше созылмалы ауруы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Науқас 1964 жылы туған. КВИ дерті 17 сәуірде анықталды, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
Қосымша диагноздары созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония. 22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады, сағат 07.00-де қайтыс болды, - деді Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Қорытынды диагноз - расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы Қорғалжын тас жолы жартылай жабылады
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы