21 Шілде 2026, 22:53 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыда әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталды

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеп, жанжалға қатысушылардың әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Алматы қаласында отбасылық жанжалдан кейін әйелдің дене жарақатын алғаны туралы хабарлама бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Полицияның мәліметінше, «102» пультіне Ақсай ықшамауданының тұрғыны хабарласып, жанжал кезінде күйеуі өзіне дене жарақатын салып, кейін оқиға орнынан кетіп қалғанын айтқан.

Шақырту орнына алғашқылардың бірі болып Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы жеткен. Ол жәбірленушінің арызын қабылдап, оқиғаның мән-жайын тіркеген.

Кейін жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жүрген жері анықталып, ол қысқа уақыт ішінде ұсталды.

Қазіргі уақытта дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеп, жанжалға қатысушылардың әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Алматы қаласының полициясы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Ведомствоның мәліметінше, бұл бағыттағы заңнама күшейтілген және мұндай сипаттағы әрбір хабарлама полицияның ерекше бақылауына алынады.