10 Қазан 2026, 23:26
Фото: BAQ.KZ архиві
Алматыда әйелге әдепсіз әрекет жасаған шетелдік 15 тәулікке қамалды
Сонымен қатар шетел азаматының Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін тиісті материалдар сотқа жіберілді.
Алматыдағы Терренкур аллеясында әйелге әдепсіз әрекет жасаған шетелдік турист 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Оқиға барысында ер адам бейтаныс әйелдің бөксесіне қол жүгірткен. Полиция мәліметінше, құқық бұзушы Қазақстанға бір күн бұрын келген шетелдік турист болып шықты.
Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамды ұстап, материалдарды сотқа жолдады. Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар шетел азаматының Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін тиісті материалдар сотқа жіберілді.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың құқықтарына қол сұғатын кез келген әрекетке заң аясында баға берілетінін еске салды.