Жедел-тергеу тобы пәтерді тексеру барысында тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерделенетін жазбаны анықтады.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, қарым-қатынас ортасын және қайғылы жағдайға дейін болған өзге де мән-жайларды зерделеуде.
Тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 13-қабатындағы пәтердің терезесінен құлаған 7 жастағы бала оқиға орнында көз жұмған болатын.