Бүгiн 2026, 16:49 Фото: видеодан скриншот

Алматыда әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлады

1988 жылы туған әйел өз-өзіне қол жұмсаған.

Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адам бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетті.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, 1988 жылы туған әйел өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

Қайтыс болған әйел осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны болған. Алдын ала ақпарат бойынша, соңғы уақытта ол жеке жағдайларына байланысты ауыр эмоционалдық күйде болған, – деп атап өтті ПД өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тағы бір әйел көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Астанада төрт жасар бала терезеден құлап қаза тапты

Періштесі қақты: Павлодар облысында 5-қабат терезесінен құлаған бала ауруханаға түсті

Атырауда көпірден секірмек болған адам құтқарылды