Алматыда әйел көлігімен үш адамды қағып кетті

Алматыда әйел көлігімен үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 4 шілде сағат 09:10-да қаланың Алмалы ауданында, Назарбаев даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында болған.

"Жол апаты салдарынан 1955 жылы туған жаяу жүргінші қайтыс болды. Кісі өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомство.

Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев
Өзгелердің жаңалығы