Алматыда “Айбын” әскери-патриоттық ойыны өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Армия орталық спорт клубында оқушылар арасында «Айбын» әскери-патриоттық ойындарының қалалық кезеңі өтіп жатыр. 

Аталған шараға 14-18 жас аралығындағы әскери-патриоттық клубтардың 150-ге жуық тәрбиеленушісі қатысып жатыр. Команда 15 адамнан, яғни 10 ұл және 5 қыздан тұрады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін қаланың әр ауданында іріктеу ойындары өткен. Бүгін сол аудандардан ірктеліп шыққан командалар бақ сынайды. Жеңіске жеткен команда 2019 жылдың 17 маусымында Қарағанды облысының Спасск қаласында өтетін "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының республикалық кезеңінде Алматы қаласын таныстырып, намысын қорғайтын болады. 


№138 гимназияның 11 сынып оқушысы Абылайхан Қалыбеков мектеп бітірген соң әскери мамандықты таңдайтынын айтады. 

"Бұған дейнін мектепішілік, одан кейін Бостандық ауданы бойынша өткен жарыстарда жеңіске жеттік. Бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келіп отырмыз. Жалпы өзім әскери мамандықты таңдағым келеді", - дейді Бостандық ауданы зводының командирі. 


Жалпы Алматы бойынша 1000-нан астам оқушы қалалық ойындар кезеңіне қатысу үшін іріктеуден өтіпті. Ойындарды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қорғаныс істері жөніндегі департамент өткізіп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы