Алматыда Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында сондай-ақ жаңа жылдық мереке мен отбасылық іс-шараны өткізу 10 адамнан аспау керектігі айтылған. 

23 желтоқсан күні Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің короновирутық инфекция ауруының алдын алу женiндегi №66 жаңа қаулысы шықты. Аталған қаулы үш күненн кейін күшіне енеді.

Аталған қаулыға сәйкес қалалық мектепке дейінгі мекемелерде қосымша топтар ашуға тыйым салынды. оған қоса мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейiн қосымша кезекшi сыныптарды ашу тоқтатылады. 

Ал, сауда үйлері мен ойын-сауық орындары, сауда желілерінің жұмысы сағат 23.00-ге дейін шектелді, оның үстіне адамдардың толуы 30 пайыздан аспау керек.

«Ойын-сауық», спорттық  iс-шараларды, кермелердi, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, мерекелiк, естелiк iсшараларды, яғнибанкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, сонымен қатар уйде жане адамдар кеп жиналатын езге де iс-шараларды 10 адамнан астам өткiзуге тыйым салынсын. Ал 25 желтоқсан мен 05 қаңтар аралығында барлық мекемелер мен ұйымдарда жана жылдьқ ойын-сауық шараларына, аниматорларды, Аяз ата aқшақар жане басқа жаңа жылдық кейiпкерлерiн үйге шақыру бойынша агенттіктердің ұсынысына тыйым салынсын, - делінеген.

Дегенмен мереке күндері Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ курортының жұмысына рұқсат берілді, тек бір мезетте толтырылуы 750 адамнан аспау қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы