Алматыда автотұрақтардың саны 30 мыңнан асады
Бұл туралы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қала басшысының халықпен кездесуі кезінде жеке компания өкілі қаладағы автотұрақтар бойынша өз қызметін ұсынды. Ерболат Досаев бұл ұсынысты қарастыратынын айтты және жалпы шаһардағы тұрақтардың мәні-жайы туралы баяндап берді.
Біз алматылық компанияларды қолдаудан бас тартпаймыз. Бірақ қазір басты мәселе - жаңа автотұрақтардың ашылуы. Бұл оңай жұмыс емес. Бұрын сатылып кеткен жерлерді, сондай-ақ шағын компанияларға жалға берілген жерлерді қайтару оңай емес. Біз осы сұрақпен айналысып жатырмыз. Алдағы уақытта “қаланың көлік қаңқасының” мастер-жоспарын таныстырамыз. Шаһардағы автотұрақтардың санын 30 мыңнан асыруды жоспарлап отырмыз - деді қала әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
15 наурыз – "Қайырымдылық" күні
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы