Алматыда автотұрақтар қала меншігіне қайтарылып, тақтайшалар ауыстырылып жатыр

Алматыда бірыңғай оператор - «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа ақпараттық тақталарда жаңа оператор, аймақ нөмірі, тұрақ уақыты және төлем әдістері көрсетіледі. 

Алғашқы автотұрақ Медеу ауданында іске қосылып, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Жаңа ақпараттық тақтайшалары бар аудандар фото-бейнетіркеудің мобильді кешендерімен бақыланады. Бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға дейін бұрын қаланың автотұрақтарын басқарған «А - parking» компаниясы төлем қабылдайды, - делінген Алматы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бірыңғай оператордың шотына беріледі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы