Алматыда автотұрақ өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Әуезов ауданының өрт сөндірушілері автотұрақтағы өрттің айналаға таралуына жол бермеді.

ТЖД мәліметінше, 2020 жылғы 19 қарашада сағат 06.58 кезінде өрт сөндіру көліктері Әуезов ауданы Ақсай-4 ықшамауданындағы 17 үйдің маңайында шыққан өртке жіберілген.

7 минут ішінде келген өрт сөндірушілер, автотұрақтың аумағында орналасқан үй-жай/көкөніс сататын дүңгіршек/жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын  үй-жаймен жапсарлас салынған жабық автокөлік тұрағындағы 2 автокөлік пен шатырына 50 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген. Қатты қызу салдарынан Ниссан Премьера маркалы автокөлігінің алдыңғы әйнегі мен шанағы зардап шекті. Өрт алғашқы өрт сөндірушілер келген 24 минуттың ішінде оқшауланып, 07 сағат 36 минутта толықтай жойылды, - делінген хабарламада.

Алматы қаласы ТЖД шатырлы ғимараттарда, үй-жайларда өрттiң алдын алу үшін электр сымдарын қалыпты күйге келтіруді, олардың жарамдылығын бақылап, электр желілерін шамадан тыс жүктемеуді ескертеді.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz (@kris_p_almaty)

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы