Алматыда автомобиль орындықтарын шығаратын кәсіпорын құрылысы жүргізілуде
Алматы қаласында "Vehicles Almaty" ЖШС, "Астана Моторс " мотор компаниясы" ЖШС және "Youngsan Kazakhstan" ЖШС бірлескен автомобиль орындықтарын шығаратын зауыт құрылысы жүргізілуде. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 3 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпорын Қазақстанның автомобиль шығаратын зауыттарын өндірістік қуаты жылына 100 мың жиынтық болатын сапалы орындықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта жер учаскесін дайындау, шұңқыр қазу және металл конструкцияларын орнату сияқты құрылыстың негізгі кезеңдері аяқталды. Сэндвич панельдерін орнату жалғасуда. Жабдықтардың тізімі келісіліп, жөнелтуге дайындалуда.
2024 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша электрониканы құрастыруға және тексеруге арналған технологиялық жабдықтың бір бөлігі алынды.
Жоба 2024 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде, ол 27 жаңа жұмыс орнын ашады және елдің автомобиль өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТМЖ тікұшақпен 12 адамды құтқарды
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы