Алматыда автокөлік қалдықтарын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды
Алматы қаласының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен«Sergek Group» компаниясымен бірлесіп оңтүстік астанада спектрометрлер орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спектрометр - бұл дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалауға қабілетті көлікқұралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы.
Аспаптар жолдың қарама-қарсы жағындатар учаскелерде орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлік құралын тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды. EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеуде, - деп жазды Алматы қаласы прокуратурасы.
Жобаның мақсаты Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау болып табылады. Бастама, қаланың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады.