Алматыда автокөлік өзенге құлап кетті

Мегаполистегі базар маңында Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, өзенге құлап кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Ангарская көшесінде болған. Жаңбырдан кейін жолда шалшық пайда болғандықтан, жүргізуші бұрылыста тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік биік жиектасқа шығып кетіп, қоршауды бұзып, ағашқа соғылып, алдыңғы бөлігімен Есентай өзеніне құлаған.

Оқиға кезінде жаяу жүргіншілер жолағында жаяу жүргіншілер болмаған. Сондай-ақ, жүргізушінің өзі ауыр жарақат алмаған.

Ер адамның айтуынша, көлік өзенге құлаған кезде өздігінен шыға алмай қалған.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық құтқару қызметі қираған көлікті өзеннен шығарып алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скрин
Өзгелердің жаңалығы