Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №123 қалалық бағыттағы автобус Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Мәметова көшесінің жанында, белгісіз себептермен MEGA Park-қа бұрылып, алдымен Hyundai Accent автокөлігіне соғылған, деп хабарлады zakon.kz.
Осыдан кейін автобус қозғалысын жалғастырып, тротуарға шығып кетіп, ондағы жаяу жүргіншілер өткелінің алдында бірнеше адамды қағып кеткен. Одан әрі автобус СОО тұрағына өтіп, шығып бара жатқан Volkswagen Polo автокөлігіне соғылған.
Автобус автотұрақтың бетон дуалына соғылып барып бірақ тоқтаған.
Көптеген адамдар зардап шекті. Жаяу жүргіншілер, автобус пен көлік жолаушылары. Жаяу жүргіншілердің бірінің жағдайы ауыр, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шөкеев қайтыс болған отбасының жақындарына көңіл айтты
Өзгелердің жаңалығы