Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Алматыда қоғамдық көліктің жолаушысы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, кабинасын сындырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ер адам №120 автобус жүргізушісімен жанжалдасып, оның кабинасындағы әйнекті сындырған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, Алматы полициясы «Заң мен тәртіп» қағидатын еске сала отырып, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады,- деді деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Өзгелердің жаңалығы