Алматыда автобус жүргізушісі газ құбырын бұзып өтті

Алматыда №100 бағыттағы автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға Халиуллин көшесімен батыс бағытта Тәтібеков көшесінің қиылысында болған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмаған. 

Жүргізуші 1963 жылы туған. Foton маркалы автобусты басқарды. Ол Халиуллин көшесімен батыс бағытта Тәтібекова көшесінің қиылысында тізгінге ие бола алмаған. Автобус жол жиегінен шығып, металл қоршау, газ құбыры және бағдаршамды бұзған, – делінген хабарламада.

1964 жылы туған жаяу жүргінші жол апатынан зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Видео: krispnews.kz

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы