Алматыда автобус жолаушысы шетелдіктерге тиіскен

Әлеуметтік желілерде автобус жолаушысының жанжал шығарған бейнжазбасы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ішімдік ішкен ер адам шетелдік екі жолаушыға тиісіп, мазасын алған. Дегенмен өзге ел азаматтары сабырлық танытып, тіпті автобустан шығып кеткен.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы