Алматыда автобус жол жөндеу орнындағы шұңқырға түсіп кеткен
Салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болған.
Алматыда жолаушылар автобусы жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтағы траншеяға түсіп, қозғалысты уақытша бөгеп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Төле би және Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Бұл аумақта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жабыны ашылған. Кейін траншея уақытша қиыршық таспен жабылған.
Автобус Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан кезде оның артқы дөңгелектері қиыршық тас төселген бос қабатқа түсіп кеткен. Көлік салмағынан қиыршық тас шөгіп, дөңгелектер траншеяға кіріп кеткендіктен автобус өздігінен қозғала алмаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобустың шанағында көзге көрінетін зақым анықталмаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелмеген, осыған байланысты полиция қызметкерлері әкімшілік материал рәсімдемеген.
Қауіпсіздік мақсатында автобус қосымша техникалық тексеріске жіберілді. Мамандар көліктің төменгі бөлігін арнайы қарау орнында тексеріп, жасырын зақымдардың бар-жоғын анықтайды.
- Қазақстанның кинопрокат нарығына бірыңғай ережелер енгізілуі мүмкін 01:42
- 11 тамызға арналған валюта бағамы 00:45
- Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды 10.08.2026
- Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды 10.08.2026
- Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті 10.08.2026
- «Ақ Жол» жемқорлардың «Лазурный жағалауға қашып кетуіне» жол бермеуді ұсынды 10.08.2026
- "Неғұрлым Құнанбайлар көп болса, соғұрлым Абайлар көп болады": Ходжаназаров бай азамат – бай мемлекеттің негізі екенін айтты 10.08.2026