Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы Жангелдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Апат салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Тойота» автокөлігінің жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Түлкібас көшесіне солға бұрылып, солтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген. Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті, - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы