Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыдағы Тимирязев көшесінде қала автобусымен жол апаты болды. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына екі рет өтіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Бейнежазбада аялдамада тұрған адамдардың жүргізушіге тоқтауды айқайлап ескерткенін көруге болады. Жарақат алған адамға оқиға орнында куәгерлер алғашқы көмек көрсеткен.

Жаяу жүргіншінің жағдайы туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Полиция мәләметінше, 102 нөміріне жол апаты туралы қоңырау түспеген, алайда Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, заң аясында шаралар қабылданады, – деді полицияда.

Қазір құқық қорғау органдары жүргізушінің жол ережесін бұзған-бұзбағанын және автобуста техникалық ақаулардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы