Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті.
12 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында SAZLE 60 маркалы автобусты тізгіндеген жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Мәметова көшесімен қиылыста Қонаев көшесін шығыс бағытта (бағдаршам бар жерде) қиып өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, - деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда пияз бен қырыққабат қымбаттады
Өзгелердің жаңалығы