Алматыда автобус ұрысы қолға түсті

Алматыда қоғамдық көлік жолаушысының телефонын қолды еткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін қалта ұрысы ұсталды. Ұрлық дерегі бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

А. есімді азаматша қоғамдық көлікке жолаушы ретінде отырды. Көрші жолаушы ұйықтап қалғанда, ол білдірмей оның қалтасынан IPhone телефонын суырып алды. Жәбірленуші шығынды 350 мың теңгеге бағалаған. Медеу аудандық ПБ-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мобильді құрылғы тәркіленіп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті – 31 жаста. Қазір Тараз қаласынан келген азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы