26 Желтоқсан 2022 2022, 15:28

Алматыда автобус пен инкассатор көлігі соқтығысты

Алматы қаласының Абай даңғылында жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының Абай даңғылында жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қалалық ПД мәлімдеді. 

ГАЗ маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі Абай даңғылында, №141-үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта артқа бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.