13 Наурыз 2026, 19:51
Фото: видеодан скриншот
Алматыда автобус пен бес көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар
Алматыдағы жаппай жол апаты
Алматының Бостандық ауданында, Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы жарияланды. Бейнежазбадан бірнеше автокөліктің қатты зақымданғанын көруге болады.
Foton маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Манас көшесінің батыс жағында арақашықтықты сақтамауы салдарынан алдында келе жатқан бес жеңіл көлікпен соқтығысқан, – деп атап өтті полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам зардап шекті. Ол медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
- «Болашақ ойындары-2026» Астананы несімен таңғалдырады? 18:59
- Аптап ыстық басыла ма? 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамы 18:41
- Жағдай жедел штабтың тұрақты бақылауында – ТЖМ өрт туралы 18:22
- Қазақстан ЖИ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның құрылтайшысы атанды 17:54
- Мемлекет басшысы Көбейтұз көлінің жай-күйіне назар аударды 17:49
- Туған әкесін үйінен шығарғысы келген қыздың әрекеті сотта қаралды 17:37
- Қайтыс болған донордың жүрегі астаналық науқасқа өмір сыйлады 17:19