Кеше 2026, 19:51
Фото: видеодан скриншот
Алматыда автобус пен бес көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар
Алматыдағы жаппай жол апаты
Алматының Бостандық ауданында, Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы жарияланды. Бейнежазбадан бірнеше автокөліктің қатты зақымданғанын көруге болады.
Foton маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Манас көшесінің батыс жағында арақашықтықты сақтамауы салдарынан алдында келе жатқан бес жеңіл көлікпен соқтығысқан, – деп атап өтті полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам зардап шекті. Ол медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.