Алматыдағы апат: Жүргізуші өртеніп кетті, полицей ауруханаға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының полиция департаментінде жол-көлік оқиғасы салдарынан өртеніп кеткен автокөлікке қатысты түсініктеме берді.
Оқыс оқиға бүгін сағат 15:05-те болды. Nissan Primera-ның жүргізушісі Дулати көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, әл-Фараби даңғылы бойында тұрған патрульдік машинаға соқтығысты.
Салдарынан полицейлердің бірі ауыр дене жарақатын алып, 7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Nissan өртке оранып барып, полицияның көлігіне соқтығысқан. Патрульдік көлік ауыр соққыны өзіне қабылдап, тізгінсіз кеткен машинаға тосқауыл болған.
Өртенген машинаны өрт сөндіру қызметі келіп өшірді. Көлікті тексеру барысында ішінен күйіп кеткен жүргізушінің денесі табылды. Оның аты-жөні анықталуда. Сондай-ақ, тергеу барысында көліктің не себепті өртенгені және жол апатының не себепті болғаны анықталады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семей әкімдігінің қызметкерлері эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы