Кеше 2026, 21:56 Фото: скрин

Алматы әуежайында жолаушылар отырған аймаққа құбыр құлады

Алматы әуежайы оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Қазіргі уақытта желдету құбырының барлық элементі толықтай алынып тасталған.

 Бұл жағдайға қатысты әуе айлағының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған терминалында желдету жүйесінің темір тіректері құлағаны туралы ақпарат тарады.

Инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары барысында желдету элементі жартылай ажырап қалды. Құбыр алдын ала бекітіліп, кейін оны қажетті деңгейге дейін кезең-кезеңімен түсіріп, қайта бекіту жоспарланған болатын. Алайда құбырды түсіру барысында ол ажырап, соның салдарынан конструкция сақтандыру арқандарына ілініп қалды, – деп жазылған мәлімдемеде.

Сондай-ақ Алматы әуежайы оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Қазіргі уақытта желдету құбырының барлық элементі толықтай алынып тасталған. Одан бөлек жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл түрде қосымша шаралары қабылданған.

Ішкі терминалдағы құрылыс жұмыстары әуежай инфрақұрылымын жаңғырту аясында жүргізілген болатын. Жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда. Барлық қажетті шаралар қабылданды, әуежай қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы регламенттерді сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады баспасөз қызметі.