1 Тамыз 2019, 10:45
Алматыда аударылған көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнынан қашып кетті
Алматы, BAQ.KZ. Жұмбаққа толы көлік апаты Рысқұлов көшесі бойында болған. Көлік аударылып қалған, алайда оқиға орнында жүргізуші болмады.
Алматы, BAQ.KZ. Жұмбаққа толы көлік апаты Рысқұлов көшесі бойында болған. Көлік аударылып қалған, алайда оқиға орнында жүргізуші болмады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Lada Granta Рысқұлов көшесінде шығыс бағытта келе жатқан. Белгісіз себептерге байланысты жүргізуші көлікті басқара алмай, жол ортасын бөліп тұрған бөгетті бұзып, қарсы бетке шығып аударылған. Куәгерлердің айтуынша, көліктен екі жас жігіт шығып бой тасалаған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көліктің иесін анықтап, сол жерге шақыртқан. Ол егде жастағы ер адам болып шықты, ол көлікті үйінің жанына қойғанын айтқан. Сондай-ақ, ол "көлікті айдау үшін ұлы алды ма" деп күдіктеніп отыр.
Көлік рөлінде кім болғанын және қандай жағдайда болғанын ПД қызметкерлері анықтайтын болады.
- Бозжырадағы түсірілім: Джеки Чан Маңғыстаудың табиғатына тәнті болды 11:10
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды көздеп отыр 11:01
- Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті 10:43
- Қазақстанда вегетация кезеңінде 701 мың гектар егістік суарылды 10:21
- Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударушылар саны 3 есе артты 10:03
- Қазақстан кардиохирургия саласында әлемнің үздік 30 елінің қатарына енді 09:45
- "Үйге жету мұң болды": Алматы тұрғындары жаңа жол қозғалысы схемасына наразы 09:27