24 Желтоқсан 2020 2020, 17:27

Алматыда ТЖД бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Түрксіб аудандық соты аталған ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұржан Нұрташевқа және «Хозу-Алматы» ЖШС-нің бас директоры Бирюковке қатысты істі қарады.

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Түрксіб аудандық соты аталған ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұржан Нұрташевқа және «Хозу-Алматы» ЖШС-нің бас директоры Бирюковке қатысты істі қарады.

Нұрташев пара алу үшін жеке компания басшыларынан бірнеше рет бопсалады деп айыпталған болатын. 

Нұрташев «Хозу-Алматы» ЖШС бас директоры Бирюковтің коммерциялық әрекетіне қорғаншылық жасау мақсатында 20 мың теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ тағы бір жеке компаниядан өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталмауына қатысты 840 000 теңге алған, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сот Нұрташевті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бирюков бір жыл колонияда жазасын өтейді. Оған қоса, сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.