Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды

Кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Президент Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен лауазымдарға тағайындалған аудандардың жаңа әкімдерін ұжымға таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Абзал Егембердиев қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.

Бостандық ауданының әкімі Санджар Алин болды. Тағайындалғанға дейін ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы