Алматыда аудандардың бірінде жарты ай ыстық су болмайды

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы бірқатар ғимараттарда уақытша ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек - Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС теңгерімінде тұрған «Премьер» қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы