Алматыда аудандардың бірін абаттандыруға 17 млрд теңге бөлінді
Биыл Алматы қаласындағы Алмалы ауданында "Халық қатысатын бюджеті" бағдарламасы аясында 45 жоба іске асырылып, оның ішінде 23 аула абаттандырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Абаттандыру аясында балалар мен спорт кешендері жаңартылады, жайлы орындықтар орнатылады және аулаларды безендіретін жаңа элементтер пайда болады.
Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша 18 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ірі жобалардың бірі Жібек жолы даңғылының Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейінгі жаяу жүргіншілер аймағын және Мүсірепов театры жанындағы алаңды күрделі жөндеу болып табылады. Осы мақсаттар үшін биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. Жөндеуді 2025 жылдың қараша айының соңында аяқтау жоспарлануда.
Алматылықтардың сүйікті орындарының бірі – Абылай хан даңғылы мен Маметова көшесі қиылысында орналасқан Иманов атындағы сквер. Сквердің жанында Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры, университеттер, денсаулық сақтау және білім беру нысандар орналасқан. Сквер қала тұрғындары арасында тартымдылық пен танымалдылыққа ие. Айта кетейік, өткен жылы жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша иттерді серуендетуге арналған алаң салынды.
"Халық қатысатын бюджет" жобасы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және Алматының барлық тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бағдарламаның тиімділігі мен тұрғындардың қызығушылығын ескере отырып, Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті. Биыл «ХҚБ» жобаларына қала бюджетінде 17,1 млрд теңге қарастырылған.