Алматыда ауа сапасы нашарлайды
14 қаңтар, жексенбіде Алматыда ауа сапасы нашарлап, қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі – жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасына болжам жасау.
Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:
- Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
- Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң өз-өзін өртеп жіберді
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы