Алматыда Ататүрік атындағы саябақ ашылады

Түркия Республикасының тұңғыш президентінің есімі Алматы саябақтарының біріне беріледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында Алматы қаласының мәслихатының шешімі жарияланған.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласы халқының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының және Республикалық ономастика комиссиясының қорытындыларының негізінде, қалалық мәслихат шешімімен Алматы қаласының әкімдігі қаулы етті.  Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі және Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы - Халық банкі мен «Almaty Theatre» театры ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге «Ататүрік сквері» атауы берілсін,- делінген құжатта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мақсат Рысбеков - архив
Өзгелердің жаңалығы