Кеше 2026, 22:02 Фото: instagram/kris_p_almat

Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені өртенді

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды

Алматыда "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарындағы пәтерлерде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын бірнеше пәтерді қамтыған.

Баспалдақ арқылы 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. Сондай-ақ 20 адам өз бетінше эвакуацияланды, олардың 5-еуі – балалар. Өрт сөндіру бөлімшелері жоғарылатылған шақыру нөмірі бойынша жұмыс істеді. Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған ТЖМ ресми хабарламасында.