Алматыда әскери қызметші абайсызда атылған тапаншадан жарақат алды

Оқиға Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімшесінің оқу-жаттығу жұмыстарында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі аталған жағдайды растады.

Полигондағы оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, әскери қызметшілерге қаруды тапсыру кезінде абайсызда атылған Макаров тапаншасынан сұқ саусағы жеңіл жанама жарақат алынды. Оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, - деді ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Бұған дейін тағы бір осыған ұқсас оқиға туралы хабарланған. Арыста келісімшарт бойынша әскери міндетін атқарушы басынан жарақат алып, ауруханаға түскен еді. Сондай-ақ, қыркүйек айының басында Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы