Алматыда әскери институттың курсанты жараланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанты оқу-жаттығу кезінде жарақат алды. Бұл туралы inalmaty.kz хабарлады.
Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға байланысты былайша түсініктеме берді:
2021 жылғы 20 шілде күні Құрлық әскерлерінің әскери институтындағы оқу-жаттығу кезінде курсант диверсияға қарсы қауіпсіздік ережесін бұзды. Қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шарасы бұзылып, абайсызда автоматтан оқ атылды. Оқ сол жердегі курсанттардың бірінің аяғын зақымдады, - деді ведомстводағылар.
Зардап шеккен курсант Алматы қаласындағы Әскери клиникалық аурханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген. Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазір осы дерек бойынша тексеру жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы