Алматыда әскери институттың оқу орталығында кіші мамандардың алғашқы түлектері қанат қақты

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында әскери мамандық беру туралы куәлік алған кіші мамандардың салтанатты түрде оқуды аяқтау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қарулы күштер қатарына шақырылған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері бес мамандық бойынша білім алды. Үш ай бойы сарбаздарға жауынгерлік, арнайы және техникалық дайындық сабақтары өткізілді.

Білім ордасының оқу орталығында одан әрі қызмет өткеру үшін қажетті білім алдым. Командирлерге бастапқы дайындықты үйреткендері және көрсеткен қамқорлықтары үшін алғыс айтамын. Алда өмірімді армиямен байланыстыруды жоспарлап отырмын, – деді курс түлегі Жаппар Өмірсерік.

Оқу аяқталғаннан кейін радиотехникалық әскерлер мамандары, «Игла» жылжымалы зениттік зымыран кешенінің зенит-атқыштары, ЗЗК-75, ЗЗК-300 қолмен сүйемелдеу операторлары және дизелист-электриктер Әуе қорғанысы күштері ӘШҚҚ әскерлерінің құрамалары мен бөлімдеріне жіберілетін болады.

Бұл лекпен күзде әскерге шақырылған 130 сарбаз әскери есептік мамандық бойынша оқығанын айта кетелік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы