Алматыда әскери-азаматтық өзара іс-қимыл курсы өтті
Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік дайындық орталығында «Әскери-азаматтық ынтымақтастық» нұсқаушылық курсы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бітімгерлік күштердің үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері БҰҰ мандаттарын табысты орындаудағы маңызы жоғары болып қала береді.
Оқыту барысында АҚШ Қарулы күштерінің азаматтық тұрғындармен байланыс жөніндегі мамандары орталықтың нұсқаушыларын бітімгерлік күштердің азаматтық сектор өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібімен, оқытудың және мақсатты аудиториямен жұмыс істеудің жаңа әдістемелерімен таныстырды.
Қызметтің бұл бағытының қажеттілігін ескере отырып, біздің орталық «БҰҰ әскери-азаматтық үйлестіру» жаңа курсын әзірлеумен айналысады. Оны оқу бағдарламасына енгізу миссияға жіберілгенге дейін осы бағыт бойынша әскери байқаушыларды, штаб офицерлері мен бітімгерлік контингентін даярлауды өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Бітімгерлік даярлау орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин.
Қақтығыс аймақтарында болған кезде әскери қызметшілерге көптеген бейбіт тұрғындармен, жергілікті басшылармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерімен байланысуға тура келеді. Сондықтан коммуникацияларды сауатты құру бітімгер әскери қызметшілердің құзыретіне кіреді.