Алматыда Ashyq жобасын қолданатын нысандар саны артты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифингте Ashyq жүйесіне енгізілген кәсіпкерлік субъектілер саны 1700-ге жеткенін айтты.
Оның айтуынша, сәуір айында Ashyq жүйесін 367 кәсіпкер қолданса, қазір олардың саны 1700-ге жеткен.
Жобаға қатысушылар тізімінде 128 фитнес-орталық, 40 СПА-салон, 38 бассейн, 5 боулинг-клуб, 18 бильярд, 110 компьютерлік клуб, 110 монша, 1096 қоғамдық тамақтану нысаны, 33 караоке, 19 кинотеатр, театрлар мен концерт залдары бар,-деді ол.
Сондай-ақ ол тестілік режимде 232 бизнес субъектісі жұмыс істеп жатқанын және жобаға ерікті түрде 44 нысан қатысуға ниет білдіргенін жеткізді.
Жоба Kaspi.kz-пен бірікті, енді сіз мәртебеңізді банк қосымшасында біле аласыз. Сондай-ақ келесі кезеңде сервисті Egov Mobile мен Halyk bank-те жариялау жоспарланды. Алдағы уақытта қамтылатын қызмет саласы туралы айтатын болсақ, бұл барлық әуежайлар, теміржол вокзалдары, фудкорт, ЖОО мен басқалары, - деді Айтуар Қошмамбетов.
Еске сала кетейік, осыған дейін Вакцина паспорты Ashyq жобасымен бірігетіні туралы жазғанбыз.