Алматыда қарттар күніне орай мерекелік шара өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында қарттар күніне орай мерекелік шара өтті.
Шара барысында орталықтың ішінен ашылған «Асыл әжелер» ансамблі мен зейнеткерлерден құралған әншілер хоры өнер көрсетіп, қарттардың көңілін көтеру үшін бар өнерлерін паш етті.Орталықтың директоры Әсия Ақанова салтанатты шараны өзінің құттықтау сөзімен ашып, қарттарымыз әрдайым алтын қазынамыз болып қала беретінін айтты.
«Біздің орталықтың құрылғанына 1,5 жыл болып қалды, алайда осы аралықта екінші рет қарттар күнін атап өтіп отырмыз. «Қартыбар үйдің қазынасы бар» деп текке айтпайды. Үлкен адамдар бар жерде әрдайым түсіністік пен мейірімділік болатыны белгілі. Орталыққа келетін зейнеткерлерге қарап біз үлгі аламыз, өйткені бұл кісілер өте белсенді, яғни өмірге деген құлшыныстары өте зор», - дейді Ә. Ақанова.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері өнер көрсетіп, қарттарға деген құрметтерін білдірді.
Мамандардың айтуынша, орталыққа келген зейнеткерлер йога, тігін тігу, компьютерлік білімін жетілдіру, би, ән хоры және тағы басқа жаттығу үйірмелеріне қатысады екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақан Сатаев сөзінде тұрды: Үш күннің ішінде үлгерді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы